Accessibility links

Әкім: Ақтөбе облысында 2163 адам деструктивті діни ағымда жүр


Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі.

21 желтоқсан күні Ақтөбе облыстық әкімдігінде терроризммен күрес комиссиясы мен діни бірлестіктермен байланыс кеңесінің кезектен тыс жиыны өтті. Жиында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев облыста деструктивті діни ағымды ұстанатын 2163 адам бар екенін айтты. Бұл туралы Азаттыққа Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

- Деструктивті діни ағым жетегінде жүргендермен жұмыс жөнге қойылды, алайда оны күшейту керек. Оларды оңалту шараларын әсіресе, Ақтөбе қаласында, Темір, Алға, Шалқар мен Байғанин аудандарында жандандыру керек, - деді Бердібек Сапарбаев.

Жиын кезінде терроризммен күрес комиссиясы 2017 жылы атқарған жұмысын қортындылады. Облыстық дін істері басқармасының басшысы Жолдас Қалмағанбетов жыл бойы деструктивті діни ағым жетегінде жүргендермен 1300-ден астам жеке кездесу ұйымдастырылғанын айтты.

Қалмағанбетовтің сөзінен қарағанда, теологтар мен имамдар биылдыққа деструктивті діни ағым жетегінде жүрген 332 адамды "райынан қайтарған", яғни, "дәстүрлі исламға өткізген". "Райынан қайтқандар" қатарында қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жатқан 26 адам бар.

Облыстық әкімдікте өткен терроризммен күрес комиссиясының жиынына журналистер шақырылған жоқ.

AzattyqTV

Қазақстанда медицина сапасы қандай?
please wait

No media source currently available

0:00 0:14:41 0:00
XS
SM
MD
LG