Accessibility links

Еуразия Одағы: Биыл Донбаста 85 адам өлді


Донецк облысы Новолуганск ауылындағы қираған үйін көрсетіп тұрған әйел. Көрнекі сурет.
Донецк облысы Новолуганск ауылындағы қираған үйін көрсетіп тұрған әйел. Көрнекі сурет.

Украинаның қарулы шиеленіс аймағы Донбаста 2017 жылы 85 бейбіт тұрғын қаза болып, 384 адам жараланды. Бұл туралы 22 желтоқсанда Киевте өткен баспасөз мәслихатында Еуразия экономика одағының (ЕАЭО) шығыс Украинадағы миссиясының мониторинг өкілі Александр Хуг хабарлады.

Хугтың айтуынша, биыл бақылаушылар Донбаста бейбіт келісімді бұзып, қару қолданған 16 мың факт тіркеген. Бұл 2016 жылғымен салыстырғанда екі есе көп.

Хуг: "Қарсы тараптар Минск келісімінің шарттарын бұзып қана қоймай оның маңызын сезінуден қалды" дейді.

Киевтің дерегінше, соңғы тәулік ішінде сепаратистер 16 рет оқ атып, келісім шарттарын бұзды. Украинаның бір әскериі қаза болып, екеуі жараланды. Өзін "Донецк халық республикасы" деп жариялаған аймақ үкімет әскері "28 рет оқ атқылады" деп қарсы жақты айыптады.

Басталғанына үш жыл болған Донбастағы соғыста он мың адам, оның үш мыңы бейбіт тұрғын, қаза тапқан. Киев пен Батыс елдері Ресейді сепаратистерді қолдап отыр деп айыптап келеді. Осы аптада Кремль Украина шығысындағы бейбіт режимге бақылау жасайтын біріккен орталықтан өз әскерилерін қайтарған. Киев мұны "арандату" деп бағалап, өз әскерін де орталық қатарынан шығарған.

XS
SM
MD
LG