Accessibility links

Президент Назарбаев БАҚ өкілдеріне сұхбат берді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдегі бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, жыл қорытындысы бойынша журналистер сұрақтарына жауап берді деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Журналистермен әңгімеде Қазақстан президенті биыл Астанада өткен "ЭКСПО-2017" мамандандырылған көрмесі, еңбек миграциясы, "жасыл" экономика және "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы туралы айтқан.

"Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдық сананы жаңғыртудың және қазақ тілін латын қарпіне көшірудің маңыздылығын атап өтіп, "Қазақстандағы 100 жаңа есім" жобасын іске асырудың нәтижелері жөнінде ой бөлісті" деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Назарбаевтың БАҚ өкілдеріне сұхбаты желтоқсанның 25-і күні республикалық телеарналардан көрсетіледі деп хабарланды.

XS
SM
MD
LG