Accessibility links

БАҚ: ресейлік банкир Дмитрий Ананьев шетелге кетіп қалған


Мәскеудегі "Промсвязьбанк" ғимараты жанынан өтіп жатқан адамдар. (Көрнекі сурет.)
Мәскеудегі "Промсвязьбанк" ғимараты жанынан өтіп жатқан адамдар. (Көрнекі сурет.)

Ресейде активінің көлемі бойынша алдыңғы қатарлы он қаржы-несие ұйымдары тізіміне енетін "Промсвязьбанктің" меншік иелерінің бірі әрі банк басқармасының жетекшісі Дмитрий Ананьев Ресейден кетіп қалған болуы ықтимал. Бұл туралы "Интерфакс" агенттігі хабарлады.

РБК басылымы Дмитрий Ананьев өзі басқаратын банкте соңғы рет желтоқсанның 20-сы күні болған деп хабарлайды. Ресейлік банкир Лондонға кетіп қалған болуы мүмкін деген жорамал бар.

"Промсвязьбанк" Дмитрий Анраньевке қатысты әзірше ешқандай комментарий берген жоқ.

Ресей орталық банкі ("Банк России") желтоқсанның ортасында "Промсвязьбанкті" қалпына келтіру (санация) шаралары жүргізілетіні туралы жариялаған болатын. Банк капиталын толықтыруға қажет қаржы сомасы 100-200 миллиард рубль деп бағаланған еді.

"Ананьев Ресейден кетіп қалуы ықтимал" деген жорамалдан кейін "Банк России" қаржы ұйымы құқық органдарына корпоративтік борышкерлердің жалпы сомасы 100 миллиард рубльден асатын қаржыға қатысты құжаттамалары жойылғаны туралы арыз түсірмекші деген ақпарат тарады.

XS
SM
MD
LG