Accessibility links

"Самұрық-Қазына" қоры басшылығына Ахметжан Есімов тағайындалды


 Ахметжан Есімов.
Ахметжан Есімов.

Қазақстанның "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры басқармасының төрағасы болып Ахметжан Есімов тағайындалды. Бұл туралы ақпарат Қазақстан премьер-министрінің сайтында жарияланды. "Самұрық-Қазына" қоры ұжымына жаңа басшыны премьер-министр Бақытжан Сағынтаев таныстырған. Онымен бірге жиынға Қазақстан президенті әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков және премьердің орынбасары – ауыл шаруашылық министрі Өмірзақ Шөкеев те қатысқан.

67 жастағы Есімов бұған дейін "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы, оның алдында Алматы қаласының әкімі болып істеген.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры басқармасын 2011 жылдан биылғы желтоқсанның 15-іне дейін Өмірзақ Шөкеев басқарды.

XS
SM
MD
LG