Accessibility links

Германияның мемлекеттік қарызы 22 жылда алғаш рет азая бастады


Берлиндегі мемлекеттік қарызды көрсететін "Борыш сағаты". 22 желтоқсан 2017 жыл.
Берлиндегі мемлекеттік қарызды көрсететін "Борыш сағаты". 22 желтоқсан 2017 жыл.

Германияның мемлекеттік қарызы соңғы 22 жылдан бері алғаш рет азая бастаған. Ел астанасы Берлин қаласының орталығындағы электронды "Борыш сағаты" мемлекеттік қарызды кері ретпен санауды бастаған. Германияның қарызы екі триллион еуроға дейін жеткен болатын, бірақ қазір ол секунд сайын 78 еуроға азайып жатыр.

Германия салық төлеушілері ассоциациясының басшысы Райнер Хольцнагель үкіметті қарызды өтеу және бюджет профицитін сақтау бағытынан таймауға шақырған. Оның сөзінше, мұндай жағдайға елдің федералдық аймақтарын парасаттылықпен қаржыландырудың арқасында қол жетіп отыр.

XS
SM
MD
LG