Accessibility links

Мәскеуде "Еркін сайлау күнін" өткізуге салынған тыйым күшіне енді


Мәскеу қалалық соты ғимараты алдынан өтіп бара жатқан адам. (Көрнекі сурет.)
Мәскеу қалалық соты ғимараты алдынан өтіп бара жатқан адам. (Көрнекі сурет.)

Мәскеу қалалық соты Красносельский ауданында желтоқсанның 24-і күні "мерекелік шара" ретінде белгіленген "Еркін сайлау күні" акциясын өткізуге салынған тыйымды күшіне енгізді. Акцияға тыйым салу туралы сот шешімі желтоқсанның 20-сында қабылданған болатын. Шараны ұйымдастырушы - Мәскеудің Красносельский ауданының басшысы Илья Яшин сот шешімін "саяси астары бар және заңсыз" деп атап, оған қарсы шағым түсірді.

Яшин "Еркін сайлау күні" шарасы өтетіні туралы өткен аптада хабарлаған. Акция "мерекелік шара" түрінде өткізілетіндіктен оған қала мэриясының рұқсатын алу қажет емес болатын. Оппозициялық саясаткер Алексей Навальный жұртты осы шараға қатысуға шақырғаннан кейін Мәскеу қаласының билігі акция заңсыз деп мәлімдеген.

Кейінірек оппозициялық саясаткер Дмитрий Гудков желтоқсанның 24-і күні Мәскеудегі академик Сахаров атындағы даңғылда таза сайлау үшін шеру өткізуге рұқсат сұрап өтініш берген. Ол мұны "Еркін сайлау күні" шарасын өткізуге тыйым салынуына байланысты қалыптасқан жағдайда мәмілеге келу деп атаған. Билік Гудковқа шеру өткізуге рұқсат берген. Бірақ кейін ол "заңды акцияға тыйым салумен келісуге болмайтынын" мәлімдеген Яшиннің өтініші бойынша шеру өткізуден бас тартқан.

XS
SM
MD
LG