Accessibility links

Астраханьда Навальныйдың жақтастарын ұстады


Алексей Навальныйдің Астраханьда сөйлеп тұрған кезі. 22 қазан, 2017 жыл.
Алексей Навальныйдің Астраханьда сөйлеп тұрған кезі. 22 қазан, 2017 жыл.

Астрахань қаласынан шығаберісте Ресейдің оппозициялық саясаткері Алексей Навальныйдың 11 жақтасы мінген микроавтобусты полиция тоқтатты. Белсенділер Навальныйды Ресей президенті сайлауына кандидаттыққа ұсынатын жиынға бара жатқан.

"ОВД-Инфо" құқық қорғау порталының хабарлауынша, полицейлер белсенділердің құжаттарын алып алған. Олар әуелде микроавтобусты жолаушылары қауіпсіздік белбеуін тақпағандығы үшін тоқтатқандығын айтқан.

Соңынан белсенділердің бірінің құжатын қайтарылып, оның бос екендігі айтылған.

Бүгін Навальныйды президенттікке кандидат етіп ұсыну жиындары елдің 20 қаласында өтеді деп жоспарланған. Қазір Навальныйдың жақтастары келушілердің көптігіне байланысты жиынның кешірек басталатындығын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG