Accessibility links

Қарағанды облысында автобус аударылды


Қарағанды облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).
Қарағанды облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).

Қарағанды облысында рейспен жүретін жолаушылар автобусы аударылды. Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, жол апаты Қарағанды – Абай жолында болған.

Облыстық ішкі істер департаменті автобустың Қарағандыдан шыққандағы автобус аялдамасынан бес километр қашықтықта аударылғанын хабарлады. Автобус салонында 43 адам болған. Жолаушылар зардап шекпеген. Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші тайғақ жолда рөлге ие бола алмай қалған.

XS
SM
MD
LG