Accessibility links

Венесуэла билігі ондаған саяси тұтқынды босатпақ


Николас Мадуро, Венесуэла президенті.
Николас Мадуро, Венесуэла президенті.

Венесуэлада 24 желтоқсанда 36 саяси тұтқын түрмеден босатылды. Венесуэла билігінің шешімі бойынша, Рождество мерекесіне дейін 80 тұтқын босатылады. Тұтқындардың барлығы 2014 және 2017 жылдары үкіметке қарсы шерулерге қатысқан. Reuters агенттігінің хабарлауынша, президент Николас Мадуро үкіметі мұндай рақымшылықты сирек жасайды.

Құқық қорғау ұйымдары билік 268 саяси тұтқынды түрмеде ұстап отыр деп біледі. Мадуро олардың барлығы «билікті құлатуға астыртын сөз байласу» және «зорлық-зомбылыққа арандату» айыптарымен түрмеге жабылғанын айтады.

Рождествоға дейін босатылатын 80 тұтқынның біразының жазасы жеңілдетілген, кейбірінің жазасы қоғамдық жұмыс жасаумен алмастырылған. «Америка дауысы» радиосының хабарлауынша, Николас Мадуро билігіне қарсы 2014 және 2017 жылдың басында өткен толқуларда 170-ке тарта адам қаза тапты.

XS
SM
MD
LG