Accessibility links

Кабулда жарылыстан 6 адам қаза тапты


NDS территориясына кіреберісте тұрған ауған қауіпсіздік қызметкерлері.
NDS территориясына кіреберісте тұрған ауған қауіпсіздік қызметкерлері.

Кабулда дүйсенбі күні таңертең ауған арнайы қызметінің ғимаратында жанкешті өзін-өзі жарып жіберіп, кем дегенде алты адам қаза тапты. Ауғанстан ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насрат Рахимидің хабарлауынша, шабуыл жергілікті уақыт бойынша сағат 7:40-та Кабулдың Шаш Дарак ауданындағы Ұлттық қауіпсіздік басқармасының (NDS) ғимаратының кіреберісіне жақын Абдул-Хақ алаңында болған.Бұл ауданда АҚШ елшілігі мен НАТО өкілдігі орналасқан.

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі жарылыстан үш адам жараланып, ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Шабуылдан соң қауіпсіздік күштері NDS ғимаратына баратын жолды жапты.

Ішкі істер министрлігінің өзге өкілі France-Press агенттігіне жанкешті шабуылынан көлікте болған алты бейбіт тұрғын қаза тапқанын хабарлады.

«Олар жеңіл көліктерімен осы ауданнан өтіп бара жатқанда шабуылға тап болды. Шабуылдың не мақсатпен жасалғанын әзірге білмейміз. Бірақ шабуыл басты жол торабында болды» деді министрлік өкілі Наджиб Даниш.

Шабуыл жауапкершілігін әзірге ешқандай топ мойнына алған жоқ.

Кабулдағы жарылыс
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:00 0:00

XS
SM
MD
LG