Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков 25 желтоқсанда Астанаға ресми сапармен келді. Әуежайда оны Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Асқар Мәмин бастаған делегация күтіп алды.
Қырғызстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапар барысында Жээнбеков Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен жеке кездеседі. Бұдан соң екі ел басшысы кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізіп, Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) аясындағы ынтымақтастық пен серіктестік мәселелерін талқылайды. Келіссөзден соң бірнеше келісімге қол қойылып, мемлекет басшылары бірлескен мәлімдеме жариялайды.
Жээнбеков сапары барысында Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевпен де кездесуді жоспарлап отыр.