Accessibility links

Мәскеуде автобус жерасты өткеліне түсіп кетті


Мәскеуде жаяу жүргінші өткеліне түсіп кеткен автобус.
Мәскеуде жаяу жүргінші өткеліне түсіп кеткен автобус.

Бүгін Мәскеуде Кутузов даңғылы "Славянский бульвар" метро аялдамасының маңындағы жерасты жаяу жүргінші өткеліне автобус түсіп кетті. Оқиғадан кемі бес адам қаза болып, 15 адам жараланған.

"Интерфакс" агенттігіне сұқбат берген оқиға куәгерінің сөзінше, қоғамдық көлік тротуарға шығып, бірнеше адамды қағып өткен. Сосын жерасты өткеліне түсіп кетіп, баспалдақтарға барып тірелген.

ТАСС ақпарат агенттігі оқиғаны көрген куәлар сөзіне сүйеніп, қоғамдық көліктің жолаушылар автобусы болғанын жазады.

Апат орнында төтенше қызметтер жұмыс істеп жүр.

XS
SM
MD
LG