Accessibility links

Назарбаев пен Жээнбеков шекараны демаркациялау келісіміне қол қойды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков. Астана, 25 желтоқсан 2017 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Астанадағы кездесуде бірлескен мәлімдемеге және қазақ-қырғыз шекарасын демаркациялау туралы келісімге қол қойды. Президенттер сонымен қатар екі ел үкіметтері арасындағы қазақ-қырғыз шекарасындағы режим туралы да келісімге қол қойды. Құжаттарда нақты не мәселе қамтылғаны хабарланбады.

Сооронбай Жээнбеков 25 желтоқсанда Астанаға ресми сапармен келген. 26 желтоқсанда ол ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Мәскеуге жұмыс сапарымен барады.

AzattyqTV

Қар суын ішіп отырған ауыл
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:02 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG