Accessibility links

Бірнеше облыста көлік қозғалысы шектелді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті төрт облыста ауа-райы бұзылып, көктайғақ болуынан жолдарда көлік қозғалысы шектелгенін хабарлады. Синоптиктердің болжамынша, тоғыз облыста боран ұйытқып, жел күшейеді және көктайғақ болады.

Комитет ақпаратына қарағанда, Қарағанды облысында барлық бағыт бойынша көлік қозғалысы шектелген. Павлодар облысында республикалық маңызы бар Павлодар – Шарбақты жолының Павлодар – Қарағанды және Павлодар – Шығыс Қазақстан облысының шекарасы арасындағы бөліктерінде қозғалысқа шектеу қойылған.

Шығыс Қазақстан облысында Омбы – Майқапшағай жолының Павлодар облысы шекарасынан Семейге дейінгі бөлігінде, Семей – Курчатов жолының 4-130 километрі аралығында да көлік қозғалысы шектелген.

Ақмола облысы аумағында Екатеринбург – Алматы жолының Аршалы кентінен Қарағанды облысының шекарасына дейінгі бөлігінде, Алматы облысында Алматы – Өскемен жолының 558-615 километрі аралығында жолаушылар мен жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылған.

XS
SM
MD
LG