Accessibility links

Астанада белсендіні "жала жабу" айыбымен соттап жатыр


Астананың Сарыарқа аудандық соты (Көрнекі сурет).

Астананың Сарыарқа аудандық № 2 сотында белсенді, сот шешімімен жойылған «Алаш жолы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі болған Қайырлы Омардың азаматтық ісі бойынша сот басталды. Қайырлы Омарға «Тұрмыс» компаниясының заң бөлімінің жетекшісі Сұлушаш Мықтыбаева түсірген азаматтық шағым бойынша «жала жапты және абыройы мен қадыр-қасиетіне нұқсан келтірді» деген айып тағылған. Белсенді өзіне қарсы істі «саяси тапсырыспен жасалған» деп біледі. Ол өзін сотқа берген адамға "әлдебір құрылымдар қысым көрсетіп отыр» деп мәлімдейді.

Белсенді Қайырлы Омар қоғамдық қызметпен ғана айналыспайды, ол сонымен қатар «КСПК Азат шаңырағы» пәтер иелері кооперативінің жетекшісі. Бұл кооператив қарауына Астананың Қосшығұлұлы көшесіндегі №14 үй өткен. Бұл үйдің тұрғындары төрт жыл бұрын сот арқылы «Тұрмыс» компаниясының басқаруынан бас тартқан, бірақ компаниямен қарым-қатынасы соңына дейін реттелмей, дау сотта қаралған. Қайырлы Омар Сұлушаш Мықтыбаева сотқа берген арызында белсендіні басқа бір сот процесінде өзіне қатысты «жалған және абыройы мен қадыр-қасиетіне нұқсан келтіретін мәлімет таратты» деп көрсеткенін айтады.

«Алаш жолы» бірлестігінде болған белсенділер бірінші рет сотқа тартылып отырған жоқ. Биыл қарашада Астана соты «Алаш жолының» мемлекеттік тіркеу лицензиясын жарамсыз деп танып, ұйымды жою туралы қаулы шығарған.

Биыл қарашада «Алаш жолының» тағы бір өкілі – Айдын Егеубаевті Сарыарқа аудандық №2 соты «Бәтуа» компаниясының құрылтайшысы Нұрлан Биядиловтің шағымы бойынша екі жылға бас еркіндігін шектеп, жүз мың теңге моральдық шығын өтеуге міндеттейтін үкім шығарған. Биядилов шағымында Егеубаевті өзіне қарсы «жала жабатын мәлімет таратты» деп айыптаған.

Белсенділер Айдын Егеубаев пен Қайырлы Омар билікті «жерді шетелдіктерге жалға беруге және сатуға қойылған мораторий талаптарын орындауға» шақырады. Олар үлескерлер құқығына және ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайына назар салу қажетін айтады. Биыл тамызда олар Қазақстанның жеті облысына «Шындық» деген атаумен экспедиция ұйымдастырып, кейін ауылды жердегі адамдардың жерге қатысты проблемаларын көтерген.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG