Accessibility links

ОҚО: Екі адам газдан уланып қайтыс болды


Автогаз жанармай станциясы (Көрнекі сурет).

Оңтүстік Қазақстан облысында тағы екі адам газдан уланып қайтыс болды. Бұл туралы Азаттыққа облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ақпарат берді.

«25-желтоқсан күні кешке Сарыағаш қаласындағы жеке үйде табиғи газбен жанатын жылыту құрылғысының дұрыс жалғанбауынан 1983 жылы туған азамат газдан уланып қайтыс болды. Осы күні Шымкент қаласы Сайрам тұрғын алабында орналасқан «Бәйтерек» жанармай құю бекетінде қайғылы оқиға болғаны туралы хабар түсті. Газдан уланған 1997 жылы туған екі азаматтың бірі ауруханаға түскен, екіншісі оқиға орнында қайтыс болған» делінген хабарламада.

Оңтүстік Қазақстан облысы ауруханасының жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығының өкілі Асылхан Мыңбосыновтың Азаттыққа айтуынша, газден уланып ауруханаға түскен азамат есін жинағанымен, жағдайы ауыр.

«Қазір жан сақтау бөлімінде жатыр. Науқас уланған және денесінің он пайызын күйік шалған» дейді ол.

Шымкентте желтоқсан айының басынан бері газ жарылысынан және газдан уланып он адам қайтыс болды. Мерт болғандардың бесеуі - балалар.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

AzattyqTV

Көшпенділер ойынына асық шабандоз қыз
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:51 0:00
XS
SM
MD
LG