Accessibility links

Грузия: Панкисиде антитеррорлық операция өтіп жатыр


Грузиядағы Панкиси шатқалы.
Грузиядағы Панкиси шатқалы.

Грузияның шешендер көп тұратын Панкиси шатқалында ауқымды арнайы операция барысында бір адам жараланып, күдікті үш адам қолға түсті. Ұсталғандар«Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік ұйымымен байланысы бар деген күдікке ілінген. Шешенстанмен шектесетін Джоколо және Дуиси ауылдарындағы арнайы операция сейсенбіге қараған түні басталды.

Таңғы сағат 4 шамасында ішкі істер министрлігі арнайы мақсаттағы жасағының 60-қа тарта сарбазы бірнеше үйді қоршауға алып, артынша үйлерге кіріп, тінту жүргізе бастады. Қарсылық көрсетпек болған Тамерлан Мачаликашвили жараланып, үш адам тұтқындалды.

Терроризм мәселесі бойынша сарапшы Нино Бурчуладзе Панкиси шатқалындағы және күш құрылымдарындағы дереккөздеріне сілтеме жасап, ұсталғандардың ИМ-нің дала командирі, таяуда ғана Тбилисиде болған арнайы операцияда көзі жойылған Ахмед Чатаевқа көмек көрсетті деген күдікке ілінгенін хабарлады. Нино Бурчуладзенің айтуынша, күдіктілер Чатаевтің тобына «Тбилисиде ұзақ ұрыс жүргізу үшін көп көлемде қару-жарақ пен оқ-дәрі берген».

XS
SM
MD
LG