Accessibility links

Россельхознадзор ондаған тонна өнімді Қазақстанға шығармады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей билігі Челябинск облысынан Қазақстанға ондаған тонна карантиндегі өнімді «фитосанитарлық сертификаттарын рәсімдегенге дейін» шығаруға тыйым салды.

Федералдық ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау қызметінің (Россельхознадзор) хабарлауынша, 20-24 желтоқсан аралығында Ресей-Қазақстан шекарасының «Троицк» тексеру және өткізу бекетінде аймақтық басқарма қызметкерлері «фитосанитарлық қаупі жоғары» карантиндегі жүкті Ресейден Қазақстанға шығару әрекетін анықтаған. Россельхознадзор карантинге алынған өнім – 57 текше метр тақтай, 20 тонна картоп және 20 тонна мандариннің серфтификатсыз шығарылмақ болғанын айтады. Бұл өнімдер Астана қаласы мен Атырау және Оңтүстік Қазақстан облыстарына жеткізілетін болған.

Ведомство бұған қоса «Қазақтан мен Қырғызстаннан шыққан» ондаған тонна карантиндегі азық-түліктің Новосибирск облысына кіргізілмегенін айтады.

Россельхознадзор ақпаратына қарағанда, өткен демалыс күндері «Карасук» постында Қазақстаннан Алтай өлкесіне сатуға алып бара жатқан 74 тонна бас пияз белгі соғылмағандықтан ұсталып, кері қайтарылған.

XS
SM
MD
LG