Accessibility links

Симферопольде Қырым татарларын тексеріп жатыр


Қырым татарларының үйін тінтуге барған қауіпсіздік қызметкерлері. 18 желтоқсан 2017 жыл (Көрнекі сурет).
Қырым татарларының үйін тінтуге барған қауіпсіздік қызметкерлері. 18 желтоқсан 2017 жыл (Көрнекі сурет).

Симферопольде Қырым татарларын тінту жүргізіліп жатыр. Күш құрылымдарының қызметкерлері тінтуді Алушта газ құбырындағы жарылысты тергеу аясында жүргізіп жатқанын айтады. Мектеп психологы Асен Мисиратова мен оның енесінің үй де тінтіліп жатыр. Бір әйелді Тергеу комитетінің басқармасына алып кетті.

1 қарашада Алушта қаласындағы газ құбырында жарылыс болып, бір жарым мың адам біраз уақыт газсыз қалған. Жарылыстан Алуштадағы жоғары кернеулі екі электр бағаны да бүлінген.Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі оқиғаны «диверсия» деп атаған.

Ресей Украинадан аннексиялап алған Қырымда жиі тінту жүргізіп, Қырым татарларын тұтқындап жатады. Қырым татарлары Қырымды аннексиялауға қарсы шыққандықтан құқық қорғаушылар Ресей арнайы қызметі әрекетінің саяси астары бар деп біледі.

XS
SM
MD
LG