Accessibility links

Путинді президентікке кандидат ретінде ресми түрде ұсынды


Владимир Путин, Ресей президенті. Мәскеу, 26 желтоқсан 2017 жыл.

Ресей президенті Владимир Путинді 2018 жылы өтетін президент сайлауына ресми түрде кандидат ретінде ұсынды. Мәскеудің ВДНХ сарайында өткен бастамашыл топ жиынына 600-ге жуық адам қатысты.

Қатысушылар арасында шенеуніктерден басқа балет әртісі Николай Цискаридзе, режиссер Владимир Хотиненко, актерлер Михаил Боярский мен Владимир Машков, дизайнер Валентин Юдашкин, пианиношы Денис Мацуев, совет хоккейшісі Владислав Третьяк және аралас жекпе-жектен әлем чемпионы Федор Емельяненко болды. Жиын басталар алдында қатысушыларға Оливер Стоунның "Путин" және Алексей Пимановтың "Қырым" фильмдерін көрсетті.

Путиннің өзі бұл шараға қатыспады. Мемлекеттік ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Путинді президенттікке ұсынып жатқанда, ол үкімет мүшелерімен кездесіп, "жылды қорытындылап" жатқан. Оның алдында президент Кремль шыршасына шақырылған балалармен кездескен. Мемлекет басшысы балаларға Ресейді басқару өзіне қиын емес екенін айтқан. "Өйткені сендер сияқты балалар бар" деген Путин.

Путиннің жасы қазір 65-те. Ол Ресейді 1999 жылдың аяғынан бері басқарып келеді. Ол төрт жыл үкімет басшысы, 13 жыл ел президенті ретінде билікте отыр.

XS
SM
MD
LG