Атырауда Германияның Батыс Қазақстандағы құрметті консулы Петер Кригер жалдап тұрып жатқан пәтерінде өлі күйде табылды. «Мой город» порталының 26 желтоқсанда жергілікті құқық қорғау органдарына сілтеме жасап хабарлауынша, консулдың мәйітінде зорлықпен өлтіру белгілері жоқ.
54 жастағы Кригер Батыс Қазақстан бойынша құрметті консул болған және соңғы уақытта Атырауда тұрақты тұрған. Портал Кригердің созылмалы сырқаты болғанын айтады. Консулдың неден өлгенін анықтау үшін бірнеше сараптама тағайындалған.