Accessibility links

Қырымда украин белсендісі шартты мерзімге сотталды


Белсенді Лариса Китайская.
Белсенді Лариса Китайская.

Ялтаның Ресейге бағынышты соты украиналық белсенді Лариса Китайскаяға екі жыл бас еркіндігін шектеу жазасын кесті. «Крым.Реалии» сайтының хабарлауынша, белсенді әлеуметтік желідегі жазбасы үшін жеккөрушілікті қоздырды деп айыпталған.

Сот үкімі бойынша, Лариса Китайская екі жыл Ялтадан кете алмайды. Белсенді өзіне қарсы істің қолдан жасалғанын айтады.

Биыл жазда Китайскаяны Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) қызметкерлері тұтқындап, үйін тінткен. Бұдан соң одан ешқайда кетпеу туралы қолхат жаздырып алған. Тергеу мәліметінше, Китайская «интернетте русофобиялық идеяларды таратқан».

Лариса Китайскаяның пікірінше, Ресей күш құрылымдары Украинадан аннексиялап алған Қырымның ресейшіл билікке қарсы көзқарастағы тұрғындарды қорқытып, үрейде ұстауға тырысады. Украина билігі белсендіні қудалауға байланысты «адамды бас еркіндігінен заңсыз айыру және тұрғын үйіне қол сұғылмаушылық құқығын бұзу» бабы бойынша іс қозғады.

XS
SM
MD
LG