Accessibility links

СІМ Аслан Мусиннің ұлының Ригада қайтыс болғанын растады


Асылбек Мусин, "Ізгі амал" ұйымының жетекшісі. Астана, 23 тамыз 2009 жыл.
Асылбек Мусин, "Ізгі амал" ұйымының жетекшісі. Астана, 23 тамыз 2009 жыл.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі (СІМ) Қазақстан президенті әкімшілігінің бұрынғы жетекшісі Аслан Мусиннің ұлы Асылбек Мусиннің қайтыс болғанын растады. «Асылбек Мусиннің Ригада қайтыс болғанын растаймыз. Әзірге тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр» деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі. ҚазТАГ СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Асылбек Мусиннің өліміне байланысты тергеу басталғанын хабарлады.

Асылбек Мусиннің қайтыс болғаны туралы осы аптаның басында әлеуметтік желілерде хабарланған. Саясаттанушы Талғат Қалиев Telegram-дағы каналында алдын ала ақпарат бойынша, Асылбек Мусин 24 желтоқсанға қараған түні «15-қабатта орналасқан пәтерінің терезесінен құлап, алған жарақатынан қайтыс болғанын» хабарлады.

Аслан Мусин президент әкімшілігін 2008-2012 жылдары басқарды. Бұл қызметтен соң ол республикалық бюджеттің орындалуын бақылайтын есеп комитетінің басшысы болды. 2014 жылы Қазақстанның Хорватия, Босния және Герцеговинадағы елшісі болып тағайындалды.

Тұрақты видео сұхбаттар берген Асылбек Мусин Қазақстанда «Ізгі амал» қоғамдық ұйымының жетекшісі ретінде белгілі болған. Бұл ұйымның өкілдері Құранды исламдағы жалғыз қайнар көзі санайды.

XS
SM
MD
LG