Accessibility links

ОҚО-да бораннан жол жабылып, электр бағаналары құлады


Оңтүстік Қазақстан облысының картадағы орны (Көрнекі сурет.
Оңтүстік Қазақстан облысының картадағы орны (Көрнекі сурет.

Оңтүстік Қазақстан облысында қатты жел мен бораннан жол жабылып, электр бағаналары құлады деп хабарлайды Азаттыққа облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

«27-желтоқсан күні түнде басталған желден бірнеше төтенше жағдай оқиғасы болды. Төлеби ауданы Майбұлақ елді мекенінің маңында қалың қарда көлігімен жолда қалып қойған екі адам құтқарылды. Шақпақ ауылында да бес көлік боранда жолда қалып қойды. Құтқарушылар оларды таңертең қауіпсіз жерге жеткізді» делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Шымкентте соққан бораннан қала орталығына орнатылған жаңа жылдық үш шырша құлаған. Төтенше жағдайлар департаментіне қарайтын ғимараттың 288 шаршы метр шатыры жұлынған. Бірнеше көшедегі электр жарығының бағаналары құлап, жарық сөнген.

Ауа-райының қолайсыздығынан Алматы-Ташкент-Термез жолының әлі жабық тұрғаны жөнінде тұрғындарға хабарлама жіберіліп жатыр.

XS
SM
MD
LG