Accessibility links

"Сепаратизм" айыбымен сотталған татар белсендісі босатылды


Рафис Кашапов, Татар қоғамдық орталығының жетекшісі.
Рафис Кашапов, Татар қоғамдық орталығының жетекшісі.

Татар қоғамдық орталығының төрағасы, Ресейде интернетте сипаратизмге шақыру ісі бойынша бірінші сотталған Рафис Кашапов бостандыққа шықты. Бұл туралы сәрсенбіде «Агора» халықаралық құқық қорғау тобының басшысы Павел Чиков Twitter-де хабарлады.

Биыл шілдеде Кашапов колониядан шыққан соң оған сегіз жыл әкімшілік бақылау қойған. Осы уақыт аралығында ол полицияға барып, белгіленіп тұруы тиіс. Биыл мамыр айында сот Кашапов басқаратын Татар қоғамдық қорын экстремистік ұйым деп танып, қызметіне тыйым салған.

Рафис Кашапов 2015 жылы қыркүйекте үш жылға сотталған. Тергеу мәліметінше, ол «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде Қырымды аннексиялап алуды оккупация деп атап, Ресей билігін Қырым татарларын қудалап отыр деп айыптайтын ақпарат жариялаған.

Рафис Кашапов сот үкімі үстінен Ресей Конституциялық сотына және Адам құқықтары жөніндегі Еуропа сотына шағымданған. «Мемориал» құқық қорғау орталығы оны саяси тұтқын деп таныған.

XS
SM
MD
LG