Accessibility links

БАҚ: Байқоңырдан ұшырылған спутникпен байланыс үзілді


Анголаның «Ангосат-1» байланыс спутнигі тіркелген «Зенит-ЗФ» зымыран тасығышының ғарышқа ұшырылатын сәті. Байқоңыр, 26 желтоқсан 2017 жыл.
Анголаның «Ангосат-1» байланыс спутнигі тіркелген «Зенит-ЗФ» зымыран тасығышының ғарышқа ұшырылатын сәті. Байқоңыр, 26 желтоқсан 2017 жыл.

Байқоңыр ғарыш айлағынан 26 желтоқсанда ұшырылған Анголаның «Ангосат-1» байланыс спутнигімен байланыс үзілді. "Интерфакс" агенттігінің өз дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, «Зенит-ЗФ» зымыран тасығышына тіркеп ұшырылған аппарат «Фрегат» үдеткіш блогынан ажыраған соң бір рет сигнал берген, бұдан кейін одан мәлімет жетпеген. Спутникпен байланыстың үзілуіне таратқыштың немесе басқа құрылғының істен шығуы себеп болуы мүмкін деген болжам айтылады. Ангола өз тарихында байланыс спутнигін бірінші рет ұшырып отыр.

Биыл «Фрегат» үдеткіш блогымен байланысты қолайсыз оқиға бірінші рет болып отырған жоқ. Қараша айының соңында Ресейдің жаңа салынған Восточный космодромынан ұшырылған «Метеор-М» спутнигі де жоғалып кеткен. Роскосмос мұның себебін үдеткіш блокты зымыран тасығыштан ажырату қызметін атқаратын басқару жүйесінің алгоритмінде ақау шығуынан болуы мүмкін деп түсіндірген.

XS
SM
MD
LG