Accessibility links

Адвокат Егеубаев ісін тоқтатуды сұрады


Азаматтық белсенді Айдын Егеубаев. Астана, 12 қазан 2017 жыл.
Азаматтық белсенді Айдын Егеубаев. Астана, 12 қазан 2017 жыл.

Бүгін Астанадағы Сарыарқа аудандық № 2 сотында адвокат Фатима Берсанова қорғауындағы азаматтық белсенді Айдын Егеубаевқа қатысты қаралып жатқан қылмыстық істі тоқтатуды сұрады. Берсанованың айтуынша, "жала жапты" деп айыпталып отырған Егеубаев тура сондай эпизодпен бұдан бұрын сотталған. Келесі сот отырысы 2018 жылға, қаңтардың 5-не белгіленді.

Биыл қарашада дәл осы сот Айдын Егеубаевқа "Бәтуа" компаниясының төрағасы Нұрлан Биядиловтың ар-ұжданы мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат таратты" деп екі жыл шартты жаза мен моральдық өтемақы төлеуге үкім еткен. Азаматтық шағым бойынша бес эпизодтан тұрған істе Егеубаевтың "қытайлықтар Қазақстан жерін басып алды" деген сөздері бар репортаж жарияланған Newtimes.kz сайты айтылған.

Адвокат Берсанованың айтуынша, қазіргі істе DAT газетінде жарияланған материалдар қаралып жатыр.

Мұның алдында Егеубаевтың қоғамдық қорғаушысы Мақсат Ілиясұлы екі іс те бірдей екенін, іс аясында 87 миллионнан астам теңге (261 мың доллар шамасында) материалдық шығын талап еткен азаматтық шағым қаралып жатқанын, айырмашылығы бұл жолы шағым қазақшаға аударылған және басқа ақпарат құралы DAT газетіндегі материалдар қаралып жатқанын айтқан.

Қарашаның 21-і азаматтық шағым түсіргендердің адвокаты Тұрсынтай Әміралинов іс бойынша коментарий беруден бас тартқан.

XS
SM
MD
LG