Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске қол қойды деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Ресми баспасөздің ақпаратына қарағанда, кодексті дайындағандар құжат «геологиялық барлауға инвесторларды көптеп тарту мақсатында» жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібін жеңілдететінін айтады. Қазақстан парламенті кодексті 21 желтоқсанда мақұлдаған.
Президенттің баспасөз қызметі сәрсенбіде президент сонымен қатар заңдарға қайтадан қабылданған «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске сәйкестендіру үшін жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша түзетулер мен өзгерістер енгізу туралы заңға да қол қойғанын хабарлады.
Кодекс пен заң мәтіні ресми баспасөзде жарияланбақ.