Accessibility links

Нью-Йоркте қазақстандық экс-сенатордың ұлы қайтыс болды


Қазақстан сыртқы істер министрлігі, Астана.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі, Астана.

Нью-Йоркте қазақстандық бұрынғы сенатор Ермек Жұмабаевтың ұлы Асқар Жұмабаев қайтыс болды деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған жергілікті ақпарат агенттіктері.

БАҚ ақпаратына қарағанда, 35 жастағы Асқар Жұмабаев АҚШ-та мемлекеттік «Болашақ» бағдарламасымен оқыған. Жұмабаев жүрегі тоқтап қайтыс болған.

«Дәрігерлердің ұйғарымынша, ол жүрегі тоқтап көз жұмған» деді СІМ баспасөз қызметі. Марқұмның мәйіті 28 желтоқсанға қараған түні Қазақстанға жеткізілген.

68 жастағы Ермек Жұмабаев Қазақстан парламенті сенатының бірінші, екінші және үшінші шақырылымында Павлодар облысынан депутат болған. Ол әр жылдары сенаттың заңнама және құқықтық реформа комитетін басқарған.

XS
SM
MD
LG