Accessibility links

БАҚ: Францияда "теракт ұйымдастырғандар" Сирияда ұсталды


ИМ-нің Сириядағы орталығы болған Ракка қаласын азат ету операциясында соғысып жүрген күрд жасақтары. Сирия, шілде 2017 жыл (Көрнекі сурет).
ИМ-нің Сириядағы орталығы болған Ракка қаласын азат ету операциясында соғысып жүрген күрд жасақтары. Сирия, шілде 2017 жыл (Көрнекі сурет).

Сирияның солтүстігінде Франция территориясында террорлық іс-қимылдар жасады деген бірнеше күдікті ұсталды. Reuters агенттігінің өз дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, ұсталғандар арасында Францияда жиһадшы содырлар тобын құрды деген күдікті де бар. Француздың LCI ақпараттық арнасының хабарлауынша, 17 желтоқсанда сириялық күрдтер франциялық үш азаматты ұстаған. Күдіктілер Сирияның солтүстігіндегі Хасака ауданында, Ирак шекарасына жақын аймақта ұсталған.

Қолға түскендер арасында француз арнайы қызметі 2014 жылы экстремистік «Ислам мемлекеті» (ИМ) ұйымна қосылу үшін Сирияға кетті деп білетін исламшыл Томас Барнуи бар. Барнуи 2006 жылы Францияның оңтүстік-баты сындағы Тулуза аймағында адамдарды жиһадқа тартқаны үшін бес жылға сотталған.Ол сонымен қатар 2012 жылы осы аймақта арасында үш еврей бала бар – барлығы жеті адамды өлтірген Мохаммед Мерамен жақын байланыста болған. Барнуидің 2015 жылы Париждегі терактілерді ИМ жасағанын аудио жазба арқылы хабарлады делінген ағайынды Фабьен және Жан-Мишель Клэндермен де жақын. Ол шабуылдардан 130 адам қаза тапқан.

Франция ішкі істер министрлігі француз азаматтарының ұсталғанын әзірге я растап, я терістей алмайтынын мәлімдеді. Франция ішкі барлау агенттігінің басшысы Лоран Нуньес қарашада арнайы қызмет ИМ содырлары Сирия мен Иракта ауқымды территориясынан айырылып қалғанына қарамастан Францияда шабуыл жасауды жоспарлай алады деп әлі алаңдайтынын ескертті.

XS
SM
MD
LG