Accessibility links

Навальныйдың қарсылыққа шақырған видеосы бұғатталды


Алексей Навальный, ресейлік оппозиционер.
Алексей Навальный, ресейлік оппозиционер.

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың қаңтар айында бүкілресейлік наразылық акциясын өткізуге шақырған видео үндеуі бұғатталды. Саясаткер үндеуінде жақтастарын Ресейдегі президент сайлауына қатысуына қарсы сайлаушылар ереуілін өткізуге шақырған.

YouTube сервисінде жарияланған видео үндеудің не себепті бұғатталғаны әзірге белгісіз. Алексей Навальныйдың өзі видеосының бұғатталу себебін анықтап жатқанын мәлімдеді.

25 желтоқсанда Ресейдің Орталық сайлау комиссиясы Навальныйды «Кировлес» ісіне қатысты сотты болғаны үшін президент сайлауына кандидат ретінде тіркеуден бас тартқан. Саясаткер бұған жауабында сайлауға бойкот жариялауға және қарсылық акцияларын өткізуге шақырған. Бұдан соң Кремль Навальныйдың сайлауға бойкот жариялауға шақыруының Ресей заңдарына қаншалықты сай келетінін тексеру керегін мәлімдеген.

Ресейде президент сайлауы 2018 жылдың 18 наурызына белгіленген. Сайлауға Навальныйдан өзге тележүргізуші Ксения Собчак, бизнесмен Сергей Полонский, кәсіпкерлер құқығын қорғайтын уәкіл Борис Титов, Ресей либералдық-демократиялық партиясының (ЛДПР) жетекшісі Владимир Жириновский, «Яблоко» партиясын құрған Григорий Явлинский қазіргі президент Владимир Путин қатыспақ ниеті барын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG