Accessibility links

Ақтөбеде төрт полицейге үкім шықты


Ақтөбе облыстық соты. 14 қазан 2016 жыл.
Ақтөбе облыстық соты. 14 қазан 2016 жыл.

Ақтөбеде "қызмет бабын асыра пайдаланды" деген төрт полиция қызметкеріне сот үкімі шықты. Үкім бойынша, Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментіндегі ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы басшысының орынбасары Абай Дәулетов 7 жылға, ал екі бөлім басшысы мен басқарманың бір қызметкері әрқайсысы 6 жылдан түрме жазасына кесілді. Тергеу оларды "шектеулі балық өнімдерін сатушыларды қылмыстық жауапкершіліктен құтқару үшін қаржы бопсалаған, тәркіленген тауарды өзге адамдарға өткізген" деп айыптаған.

Күдікке ілінген бес полицейдің біреуі тергеу басталған кезде бой тасалап, әлі күнге дейін жасырынып жүр. 42 жастағы полиция қызметкері Марат Баевқа жемқорлыққа қарсы қызмет іздеу жариялады. Күдікті туралы мәлімет бергендерге жемқорлыққа қарсы қызмет сыйақы ұсынып отыр.

XS
SM
MD
LG