Accessibility links

Тәжікстан ата-анасын асыраудан бас тарту жазасын қатаңдатпақ


Тәжік зейнеткері (Көрнекі сурет)
Тәжік зейнеткері (Көрнекі сурет)

Тәжікстан парламенті Қылмыстық кодекске қарт ата-анасын асыраудан бас тартқандандарға тағайындалатын қылмыстық жазаны қатаңдататын түзетулерді қабылдады деп хабарлады Азаттықтың Тәжік редакциясы. Бұған дейін мұндай жағдайда заң бойынша 120 күннен екі жылға дейінгі мерзімде түзету жұмыстарына жіберу немесе екі жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалатын.

Бақылаушылардың айтуынша, Тәжікстанда соңғы бірнеше жылда қарт кісілердің балаларынан алимент өндіріп алу үшін сотқа жүгінуге мәжбүр болған оқиғалар жиілеген.

Парламенттің заңнама және адам құқығы жөніндегі комитетінің мүшесі Бахтовар Сафаров 27 желтоқсанда Қылмыстық кодекске «Балаларының еңбекке жарамсыз ата-анасын асыраудан өрескел түрде жалтаруы» деп аталатын бап қосылғанын мәлімдеді. Түзетулер жобасы бойынша, сот ата-анасын бағып-қағуға жауапты, бірақ «қамқорлық танытудан негізсіз, қасақана және ұдайы бас тартты" деп таныған адамға үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмақ.

2016 жылы Тәжіксткан Конституциясына «кәмелетке толған және еңбекке жарамды балалары ата-анасын күтімге алып, әлеуметтік жағынан қамтамасыз етсін» деген қосымша ереже енгізілген.

XS
SM
MD
LG