Accessibility links

Қырғызстанда "Бесінші арна" ұжымы жұмыстан кетіп жатыр


Қырғызстандағы "Бесінші арна" телеарнасының логотипі.
Қырғызстандағы "Бесінші арна" телеарнасының логотипі.

Қырғызстанда мемлекеттік мүлікті басқару қоры «Бесінші арна» телеарнасының мүлкін тізімдеп жатыр. Ал телеарна қызметкерлері қаржылық проблемадан жаппай жұмыстан кетіп жатыр. Телеарнаны кім басқаратыны әзірге белгісіз.

«Бесінші арнаның» қазіргі иесі ретінде танылатын мемлекеттік мүлікті басқару қорының төраға орынбасары Бекболот Әлиев «қандай қиындық болса да, телеарна жұмысын жалғастыра беретінін» айтады.

«Телеарнаның барлық мүлкі, техникасы, құжаттары түгенделіп жатыр. Басшылық және бірқатар қызметкерлері жұмыстан босатылады. Ал техникаға жауаптылар жұмысын жалғастырып жатыр. Арнаның эфирі тоқтамайды» деді Әлиев.

Алайда телеарнаны қаржыландыру мәселесі әлі шешілген жоқ. Бекболот Әлиев бұл мәселеге қатысты үкімет жауап беретінін айтады.

Телеарна ұжымы 27 желтоқсанда жұмыстан кететіндерін жариялады. Компания директоры Евгения Бердникова 15 желтоқсанда қаржылық проблемадан осындай арыз жазғанын хабарлаған.

Бұл телеарнаның бастапқы аты КООРТ болған әрі бұл елдің бұрынғы президенттері Асқар Ақаевтың, кейін Құрманбек Бакиевтің айналасындағы адамдарға тиесілі болатын. 2011 жылы компания мемлекет меншігіне өтті. Онда 80 адам жұмыс істеген.

XS
SM
MD
LG