Accessibility links

Қазақстанда 2018 жылы теміржол билетінің бағасы қымбаттайды


Алматы-2 вокзалында тұрған Алматы маңына қатынайтын пойыз. 16 тамыз 2017 жыл.
Алматы-2 вокзалында тұрған Алматы маңына қатынайтын пойыз. 16 тамыз 2017 жыл.

Қазақстанда 2018 жылы ондаған бағыт бойынша теміржол билетінің бағасы қымбаттайды. Билік теміржол билетінің тарифтері тасымалдау шығындары артқандықтан көтерілетінін айтады. «Тарифтердің өзгеруі қазіргі маршруттарды сақтап қалуға және әлеуметтік маңызы бар бағыттарда жолаушы тасымалының кірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді» делінген Қазақстанның инвестиция және даму министрлігінің бүгін жарияланған хабарламасында.

Қала маңына қатынайтын пойыздар билетінің бағасы 37 пайызға дейін қымбаттамақ.

«Тариф қала маңына қатынайтын пойыздарда жолаушылар тасымалы бағасының бастапқы мөлшерлемесі көтерілетін болғандықтан қымбаттайды» делінген министрлік хабарламасында. Аталған базалық мөлшерлеме бойынша 100 километр қашықтық үшін баға 324 теңгеден 464 теңгеге дейін көтеріледі.

38 маршрут бойынша билет бағасы жеті пайызға, үш маршрут бойынша үш пайызға көтеріледі. 16 маршрут бойынша баға өзгертілмейді.

XS
SM
MD
LG