Accessibility links

Мәскеуде автобус аялдамаға соғылып, 3 адам жараланды


Мәскеуде аялдамаға соғылған рейсте жүретін автобус. 29 желтоқсан 2017 жыл.
Мәскеуде аялдамаға соғылған рейсте жүретін автобус. 29 желтоқсан 2017 жыл.

Мәскеудің солтүстік-батысында рейсте жүретін автобус автобус аялдамасына соғылды. Қалалық төтенше жағдайлар қызметі «Интерфакс» агенттігіне оқиғадан ешкім құрбан болмағаын, үш адам зардап шеккенін хабарлады. Бұған дейін ТАСС және «Интерфакс» агенттіктерінің күш құрылымдарындағы дереккөздері екі адам қаза тапқанын хабарлаған. Оқиға куәгерлері автобус апатының суреттері мен видеоларын әлеуметтік желілерге салып жатыр.

Мәскеудің көлік департаменті алдын ала болжам бойынша, автобусты басқа көлік соғып, одан соң автобус аялдамаға соғылған. Ол көліктің жүргізушісі ұсталған. Мәскеуде бір аптада автобус адамдарды қаққан осымен екінші оқиға болып отыр.

25 желтоқсанда метроның «Славянский бульвар» станциясына жақын жерасты жаяу жүргіншілер өткелінде баспалдақта кетіп бара жатқан адамдарды жолаушылар автобусы басып, таптап өткен. Ресми мәлімет бойынша төрт адам қаза тауып, 11 адам жараланды. Қайғылы оқиғаға техникалық ақау немесе жүргізушінің қателігі себеп болуы мүмкін екені айтылады.

XS
SM
MD
LG