Accessibility links

Ресейлік 11 шаңғышы халықаралық жарыстардан шеттетілді


Сочи олимпиадасының жарысына қатысып жатқан шаңғышылар. 23 ақпан 2017 жыл.

Халықаралық шаңғы спорты федерациясы (FIS) Халықаралық олимпиада комитеті (IOC) жарыстан шеттеткен ресейлік 11 шаңғышыны халықаралық жарыстарға қатысу құқығынан айырды. Бұл туралы федерация хабарламасында айтылады.

FIS IOC-тің Ресейдің кейбір спортшыларын 2018 жылы Пхёнчханда (Оңтүстік Корея) өтетін қысқы олимпиадаға Халықаралық олимпиада комитетінің туы астында қатыстыру талпынысын қолдайтынын мәлімдейді.

Федерация допинг ережесін бұзған Ресей шаңғы спорты ассоциациясының қызметін тоқтатпайтынын, бірақ әлі де болса ескерту жасап, қосымша шаралар қабылдауға құзыреті барын айтады. Дегенмен, Ресейде FIS бастамасымен шаңғы спорты және сноуборд бойынша жоспарланған жарыс мерзімінде өткізілмек.

IOC 5 желтоқсанда Ресей құрамасын Пхёнчханда өтетін олимпиададан шеттеткен. ХОК Ресейді 2014 жылы Сочи олимпиадасы кезінде "допинг сынамаларын ауыстырды", "ел үкіметі допинг жүйесін қолдаған" деп айыптайды. Комитет бұған қоса Ресей олимпиада комитетін де жарыстан шеттетті. Ресейдің бұрынғы спорт министрі, вице-премьер Виталий Мутко да олимпиадаларға қатысу құқығынан өмір бойы айырылды. IOC допинг қолданбағанын дәлелдеген ресейлік спортшылардың "қатаң допинг шарттарымен" жарысқа OAR (Olympic Athlete from Russia) деген атаумен шығуына рұқсат берген.

AzattyqTV

AzatNews 22.05.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:35 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG