Accessibility links

Өзбекстанда ықпалды генералдардың бірі отставкаға кетті


Генерал-лейтенант Ботир Парпиев,
Генерал-лейтенант Ботир Парпиев,

Өзбекстан мемлекеттік салық комитетінің 71 жастағы төрағасы, елдегі ықпалды генералдардың бірі Ботир Парпиев отставкаға кетті. Бұл туралы Азаттықтың Өзбек редакциясы үкіметтегі өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Шененуніктің сөзінше, генерал-лейтенант Ботир Парпиев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевке отставкаға кету туралы екі ай бұрын өтініш білдірген.

Ол денсаулығына байланысты отставкаға кететінін айтты. Ол соңғы уақытта аяғы ауыратынын айтып жүрген. Бірақ президент Парпиевті жұмыс істей тұрсын деп, өтінішін қабылдамаған, - деді ол. Парпиев 28 желтоқсанда жұмысында болған.

Мемлекеттік салық комитеті басшысының отставкаға кететіні туралы хабар аталған комитетте «кадрларды жаппай тазалау» басталғаны туралы ақпарат тарағаннан соң пайда болды. Өзбек шенеуніктерінің айтуынша, Өзбекстан салық жүйесіндегі кадрларды қысқарту президент Шавкат Мирзияевтің қаулысы бойынша жүзеге асырылып жатыр.

Мирзиев биыл 12 шілдеде өткен селекторлық жиында салық комитеті қызметкерлерін «кәсіпкерлер қызметіне заңсыз килігіп, себепсіз тексеру жүргізесіңдер» деп сынаған болатын. Президент ол кезде салық қызметкерлеріне таяу уақытта салық органдарында айтарлықтай өзгерістер болатынын ескерткен.

XS
SM
MD
LG