Accessibility links

Жамбыл облысында жүзден аса адам қар құрсауынан құтқарылған


Жамбыл облысында қар басып қалған жолдарда тұрып қалған көліктердегі жүзден аса адам құтқарылды деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап "Қазақпарат" агенттігі.

Департаменттің мәліметі бойынша, құтқарушылар тобы Алматы - Ташкент автокөлік жолынан 14 адам (біреуі - бала) Бурное станциясына жеткізілген. Айша бибі ауылына арасында 100-ден аса адамды (сегіз баламен қоса) эвакуациялаған.

Төтенше жағдай қызметі Жуалы ауданындағы жолдар мен тау асуларында төңіректі көрсетпейтін қатты жел әлі басылмай тұрғанын хабарлайды. Осы аптада ауа райының бұзылуына байланысты Алматы - Ташкент бағытындағы жол жабылған болатын. Мамандар қар көшкіні түсу қауіп-қатеріне байланысты таудың қар басқан тік беткейлеріне бармауға кеңес береді.

XS
SM
MD
LG