Accessibility links

Ресей мен Түркия С-400 кешені туралы келісімге қол қойды


Ресейдің С-400 зымыран кешені. (Көрнекі сурет.)

Түркия мен Ресей С-400 зениттік-зымыран кешені туралы келісімге қол қойды. Келісім құны 2,5 миллиард долларға бағаланады. Осы соманың жартысынан астамын Мәскеу Анкараға несие түрінде береді. Ресей Түркияға аталған зымыран кешендерін 2020 жылғы наурызда жеткізе бастайды деп жоспарланған. Бұл Түркияның НАТО одағынан тыс елден сатып алатын ең ірі көлемдегі қару болғалы отыр.

Түркияның Ресейден С-400 зениттік-зымыран кешенін сатып алатыны туралы алғаш Түркия президенті Режеп Ердоған биыл қыркүйекте хабарлаған. Сол жолы Анкара ресейлік зениттік-зымыран кешені үшін төлемнің алғашқы жарнасын да енгізген. НАТО өзіне мүше Түркияның бұл әрекетіне алаңдаушылық білдірген еді.

АҚШ қорғаныс министрлігі ресейлік С-400 зымырандары НАТО-ның әскери-техникалық стандарттарына мүлде сай келмейді деген. Бұған жауабында Түркия президенті Режеп Ердоған "Түркия ұлттық қорғаныс қажеттігін басшылыққа ала отырып қару сатып алуға құқылы" деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG