Accessibility links

Ресей АҚШ сенаторына виза беруден бас тартты


АҚШ сенаторы демократ Джоан Шаин.
АҚШ сенаторы демократ Джоан Шаин.

Ресейдің АҚШ-тағы елшілігі АҚШ Конгресі делегациясының мүшесі, сенаттағы демократиялық партия өкілі Джоан Шаинге виза беруден бас тартты. Өйткені, АҚШ-тың Ресейге қарсы салған санкциясына жауап ретінде Мәскеу дайындаған "қара тізімге" сенатор Шаин де енгізілген.

Ресей елшілігі Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған хабарламада егер америкалық санкцияға іліккен ресейлік депутаттарға АҚШ визасы берілетін болса Ресей де Шаинды елге кіргізуге әзір екені туралы ұсыныс жасалғаны айтылған. Бұған саясаткердің өкілдері халықаралық нормаларды бұзғаны үшін Ресейге артылған жауапкершілікті алып тастау ниеті жоғын айтып жауап қайтарған.

Шаинмен бірге делегация құрамында Ресейге баруға тиіс болған республикашыл екі сенатор әріптесерімен ынтымақтастықтарын білдіріп, сапарға барудан бас тартқаны туралы америкалық The Hill басылымы талқылады.

Бұған дейін Джоан Шаин Ресейге санкция енгізуді жақтаған. Мәселен, ол ресейлік "Касперский лабораториясы" компаниясының өнімдерін америкалық мемлекеттік органдарда пайдалануға тыйым салуды қолдаған. Сонымен бірге ол Кремль қаржыландыратын Russia Today телеарнасын АҚШ-та шетелдік агент ретінде тіркеуді жақтаған.

XS
SM
MD
LG