Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі адам қазаға ұшырады деп хабарлайды "Қазақпарат". Облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің дерегі бойынша, жол-көлік оқиғасы Самара-Шымкент көлік жолының 357-шақырымында жұма күні сағат 21:15 шамасында болған.
Сырым ауданы Алғабас ауылы тұсында "Лада Приора" маркалы автокөлік "Ивеко" маркалы жүк көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы – 1984 және 1983 жылы туған жас азаматтар сол жерде қайтыс болған.
Қазір құқық органдары қызметкерлері жол-көлік оқиғасының себептерін анықтап жатыр.