Accessibility links

БАҚ: Ангола спутнигінің жабдықтары "сәйкес" келмеген


Анголаның тұңғыш байланыс спутнигін тіркеген "Зенит-ЗФ" зымыран тасығышының Байқоңырдан ғарышқа ұшырылған сәті. 27 желтоқсан 2017 жыл.
Анголаның тұңғыш байланыс спутнигін тіркеген "Зенит-ЗФ" зымыран тасығышының Байқоңырдан ғарышқа ұшырылған сәті. 27 желтоқсан 2017 жыл.

"Роскосмос" Байқоңырдан "Зенит-ЗФ" зымыран тасығышымен ғарышқа ұшырған Анголаның тұңғыш байланыс спутнигі оның бортындағы ресейлік және француздық жабдықтардың үйлеспеуі себепті байланысқа шықпаған. Бұл туралы дерек көзіне сілтеме жасап Интерфакс хабарлады.

Агенттік әңгімелескен адамның айтуынша, Angosat-1 геостационарлық орбитаға сәтті шыққан. Интерфакстың жазуынша, ғарыш аппараты ұшырылғаннан кейін оның бортындағы ресейлік және француздық регламенттердің бір-біріне сәйкес келмеуі ақауға себеп болған. Проблеманы қашықтан шешудің сәті түсті деп хабарланды.

Желтоқсанның 27-і күні Ангола тарихындағы алғашқы спутник ғарышқа ұшырылған соң бірнеше сағаттан кейін онымен байланыс үзіліп қалған. Интерфакстың дерек көзінің хабарлауынша, ғарыш аппараты "Фрегат" үдеткіш блогынан ажыраған соң сигнал бергенімен, кейін байланысқа шықпаған. Ақаудың ықтимал себептері қатарында сигнал таратқыштың немесе спутниктегі басқа құрал-жабдықтың істен шығуы аталған еді. Арада екі тәулікке жуық уақыт өткен соң "Интерфакс" Angosat-1 спутнигімен байланыс қалпына келтірілгені туралы хабарлаған.

XS
SM
MD
LG