Accessibility links

Иранда наразылық акциялары жалғасып жатыр

Тегеран көшесіндегі наразы адамдар. 30 желтоқсан 2017 жыл. (Әлеуметтік желіде жарияланған сурет.)
Тегеран көшесіндегі наразы адамдар. 30 желтоқсан 2017 жыл. (Әлеуметтік желіде жарияланған сурет.)

Иранда биліктің тыйым салғанына қарамастан тұрғындар наразылығы жалғасып жатыр. Иран үкіметі азаматтарды "заңсыз шерулерге" қатыспауға шақырған. Бірақ сенбі күні елдің бірнеше қаласында үкіметке қарсы наразылық акциялары өткен. Әлеуметтік желілерде кей жерлерде наразылық шеруі тәртіпсіздіктерге ұласып, полиция автокөлігін өртеп жатқаны туралы видеолар тарады, бірақ олардың шынайылығын анықтау қиын болып отыр деп хабарлайды ВВС.

Соңғы үш тәуліктің ішінде Иранда халықтың тұрмыс жағдайының нашарлауы мен жемқорлыққа қарсылық білдіріп шеруге шыққандардан ондаған адам ұсталған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ: Ирандағы наразылық

Ирандағы наразылық

Тегерандағы наразылар мен арнайы жасақ.
1/9 Тегерандағы наразылар мен арнайы жасақ.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Ел астанасындағы Тегеран университетіндегі наразылық.
2/9 Ел астанасындағы Тегеран университетіндегі наразылық.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Тегерандағы Вәли-Аср даңғылындағы арнайы жасақ.
3/9 Тегерандағы Вәли-Аср даңғылындағы арнайы жасақ.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Тегерандағы Фирдоуси алаңындағы наразылықты тарқату үшін полиция арнайы көліктен су шашты. 
4/9 Тегерандағы Фирдоуси алаңындағы наразылықты тарқату үшін полиция арнайы көліктен су шашты. 
Түгел оқыңыз Қысқарту
Тегеранда жиынды тарқату үшін көзден жас ағызатын газ пайдаланылды.
5/9 Тегеранда жиынды тарқату үшін көзден жас ағызатын газ пайдаланылды.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Зәнжандағы наразылар.
6/9 Зәнжандағы наразылар.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Мешхедтегі наразылық.
7/9 Мешхедтегі наразылық.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Рашт қаласындағы наразылық.
8/9 Рашт қаласындағы наразылық.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Керманшахтағы жиын.
9/9 Керманшахтағы жиын.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Previous slide
Next slide

Сенбі күні Тегеран университеті мен өзге де бірнеше жерде адамдардың шағын топтары жиналған. Елдің солтүстігіндегі Абхар қаласында демонстранттар Иранның рухани жетекшісі аятолла Әли Хаменеидің үлкен суреті бар жарнамаларды өртеген.

Желтоқсанның 30-ы күні елдің бірнеше қаласында үкіметтің саясатына қолдау білдірген шерулер ұйымдастырылған.

Иран ішкі істер министрі Абдолреза Рахмани-Фазли азаматтарды "өз-өзіне және өзгелерге проблема туғызбас үшін" шерулерге қатыспауға шақырған. Иран билігі наразылықтың күшеюіне әлдебір "контрреволюциялық" пиғылдағылар мен "шетелдік тыңшыларды" айыптаған.

Бақылаушылар Ирандағы қазіргі оқиғалар 2009 жылы билік күшпен басып-жаншыған халық наразылығынан кейінгі ең ірі наразылық шерулері екенін айтады.

​
XS
SM
MD
LG