Accessibility links

ФСБ Санкт-Петербургтегі жарылысқа күдіктіні ұстаған


Жарылыс болған "Перекресток" супермаркетінің алдында жүрген полиция қызметкері. Санкт-Петербург, 27 желтоқсан 2017 жыл.
Жарылыс болған "Перекресток" супермаркетінің алдында жүрген полиция қызметкері. Санкт-Петербург, 27 желтоқсан 2017 жыл.

Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) Санкт-Петербур қаласындағы сауда орталығында болған жарылысқа негізгі күдіктіні ұстаған. Бұл туралы ФСБ-ның қоғамдық байланыс орталығы хабарлады.

Бұған дейін ДАИШ ["Ислам мемлекеті" экстремистік тобының арабша қысқарған атауы - ред.] Санкт-Петербургтегі "Перекресток" супермаркетінде сәрсенбінде болған жарылысқа жауапкершілікті алған. Бірақ Ресей Федерция кеңесі өкілдері экстремистік топтың мәлімдемесін "өз-өзін жарнамалау" деп атаған.

Ресейлік баспасөз құралдарының хабарлауынша, ұсталған адам - Санкт-Петербург қаласының 35 жастағы тұрғыны Дмитрии Лукьяненко. Күдіктіден Ресей тергеу комитеті жауап алып жатыр.

Желтоқсанның 27-і күні кешке Калинин алаңындағы "Перекресток" супермаркетінің қол жүктерін сақтайтын бөлімінде қолдан жасалған, қуаты 200 грамм тротилді құрайтын бомба жарылған. Оқиғадан 18 адам зардап шеккен, олардың 11-і ауруханаға түскен.

Кейін жергілікті "Фонтанка" сайты жарылыс болардан жарты сағаттай бұрын дүкенге кірген ер адамның рюкзагын сонда қалдырып, өзі шығып кеткені жазылып қалған видеоны жариялаған.

Ресей президенті Владимир Путин Санкт-Петербургте супермаркетте болған жарылысты теракт деп атаған. Ресей тергеу комитеті "жалпыға қауіпті әдіспен екі немесе одан да көп адамға қастандық жасау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

XS
SM
MD
LG