Accessibility links

Солтүстік Корея ядролық қуатын еселей беретінін мәлімдеді


Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын (ортада) ядролық бағдарламаны дамыту туралы айтып тұр. Пхеньян 2017 жылғы қыркүйектің 3-і күні таратқан ресми сурет.
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын (ортада) ядролық бағдарламаны дамыту туралы айтып тұр. Пхеньян 2017 жылғы қыркүйектің 3-і күні таратқан ресми сурет.

Солтүстік Корея өкіметі ядролық күш-қуатын арттыру жоспарынан бас тартпақ емес. Бұл туралы мәлімдемені осы елдің мемлекеттік орталық телеграф агенттігі таратты.

"АҚШ пен оның жандайшаптары тарапынан ядролық қауіп және бопса қалып отырған кезде біз қорғаныс қуатымызды және алдын ала соққы беру қабілетімізді еселей береміз" делінген билік мәлімдемесінде.

Желтоқсанның соңында АҚШ Солтүстік Кореяға қатысты санкцияларын кеңейткен. Бұдан кейін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Пхеньянның қарашада баллистикалық зымыран сынағын өткізгеніне жауап ретінде Солтүстік Кореяға қарсы жаңа санкциялар енгізген.

БҰҰ қарарына сәйкес, Солтүстік Кореяға сырттан тасымалданатын мұнай өнімдерінің көлемі осы кезге дейінгі көрсеткіштен 85 пайызға азаяды. Бұған қоса, БҰҰ-ға мүше барлық елдер өз территориясында жұмыс істеп жатқан Солтүстік Корея азаматтарын алдағы екі жылдың ішінде түгелдей Отанына қайтаруы тиіс.

XS
SM
MD
LG