Accessibility links

The Beatles тобының бұрынғы мүшесі Ринго Старр рыцарь атанды


Пол Маккартни мен Ринго Старр (оң жақта) "Грэмми" сыйлығын тапсыру рәсімінде. Қаңтар, 2014 жыл.
Пол Маккартни мен Ринго Старр (оң жақта) "Грэмми" сыйлығын тапсыру рәсімінде. Қаңтар, 2014 жыл.

Британдық әйгілі The Beatles тобының барабаншысы Ринго Старрға рыцарь атағы берілді. Белгілі музыкант Ұлыбритания патшайымы екінші Елизаветаның қолынан рыцарь атағын өзінің Ричард Старки деген шын аты-жөнімен алған.

Британ патшайымы оған рыцарь мәртебесін музыка өнеріне сіңірген еңбегі үшін берген. Рыцарь атағы адамға өз есімінің алдына «сэр» деген қосымша жалғауға құқық береді. Әйгілі британдық топтың тағы бір мүшесі Пол Маккартниге рыцарь атағын патшайым осыдан 20 жыл бұрын берген.

Ринго Старр 1962 жылдан 1970 жылға дейін The Beatles тобының мүшесі болған. Бүгінде 77 жасқа келген музыкант жеке жобаларымен өнер көрсетеді.

Бұдан бөлек екінші Елизавета Bee Gees тобының негізін қалаушылардың бірі 71 жастағы Барри Гиббті де рыцарь атағымен марапаттаған. Оған рыцарь атағы музыкадағы жетістігі мен қайырымдылыққа қосқан үлесі үшін берілген.

XS
SM
MD
LG