Accessibility links

Калифорнияда марихуана еркін сатыла бастамақ


Калифорния штатында марихуана саудасын заңдастыру туралы шешімге қолдау танытып тұрған адамдар. Лос-Анджелес, 8 қараша 2016 жыл.
Калифорния штатында марихуана саудасын заңдастыру туралы шешімге қолдау танытып тұрған адамдар. Лос-Анджелес, 8 қараша 2016 жыл.

АҚШ-тың Калифорния штатында қаңтардың 1-інен бастап ересек адамдарға марихуананы заңды түрде сататын ондаған сауда орындары ашылмақ. Аталған штатта 1996 жылдан бері каннабисті медициналық мақсатта сатуға заң жүзінде рұқсат берілген. 2016 жылы Калифорния тұрғындары каннабистің еркін саудасына рұқсат беруді қолдап дауыс берген, 2018 жылғы қаңтардың 1-інен бастап бұл шешім күшіне енбек.

Бірақ Лос-Анджелес және Сан-Франциско тәрізді кей ірі қалаларда марихуананың заңды саудасына рұқсат ету кейінге қалды, олардағы сауда орындарына тиісті лицензия кейінірек берілмек. Калифорнияның каннабисті бақылау жөніндегі бюросының өкілі Алекс Траверсоның мәлімдеуінше, рекреациялық (дем алу мақсатындағы) марихуананы сатуға мемлекет 44 лицензия берген. Марихуананы медициналық мақсатта сатуға 69 лицензия берілген. Траверсоның сөзінше, реттеуші орган лицензия беруді сұрағандардан түскен жүздеген өтінішті қаңтардың біріне дейін қарап, тиісті шешім қабылдау үшін демалыс күндері де жұмыс істеген.

2018 жылы Калифорниядағы марихуана рыногының көлемі 3,7 миллиард долларға, ал 2019 жылы – 5,1 миллиард долларға жетеді деген болжам жасалып отыр. Марихуананы заңдастыруды қолдайтындар жаңа шара штат бюджетіне жылына миллиард долларға дейін қосымша салық түсімін қамтамасыз етеді дейді.

XS
SM
MD
LG