Accessibility links

Францияда Жаңа жыл түні жүздеген көлік өртенді


Францияның Страсбург қаласында Жаңа жыл түні өртенген көліктер. 1 қаңтар 2013 жыл. (Көрнекі сурет.)
Францияның Страсбург қаласында Жаңа жыл түні өртенген көліктер. 1 қаңтар 2013 жыл. (Көрнекі сурет.)

Париждің Иль-де-Франс ауданында Жаңа жыл түні бұзақылар 250 автокөлікті өртеген. Париждің өзінде және қала іргесінде 163 көлік өртелген. Полиция бұл оқиғаларға байланысты 200-ге жуық адамды ұстаған.

Франция астанасында Жаға жыл түні көліктерді өртеу оқиғалары жыл сайын қайталанады. Жаңа жыл түні кезекшілік атқаратын полиция қызметкерлерінің саны ұлғайтылғанымен көлік өртеу оқиғасы азаймай отыр. Биыл Париж қаласы мен астаналық аймақта өртенген көлік саны өткен жылғымен салыстырғанда шамамен 30 машинаға артық екені туралы хабарланды.

Жаңа жыл түні Францияның басқа қалаларында да көлік өртеу оқиғалары тіркелді. Страсбургте 75 автокөлікті жағып жіберген. Белгісіз біреулер қала көшесінде бір-біріне фейерверк атқылаған, Университет ауданында көпқабатты үйдің терезесінен полицияға отшашу атқан. Полиция өртенген көліктің жалпы саны туралы мәлімет берген жоқ.

2017 жылы Францияда Жаңа жыл түні 650 машина өртелген болатын.

XS
SM
MD
LG